12.01.2021, 17:53
Саясат
Үш мегаполистің мәслихатына қай партия өкілдері өткені хабарланды
Алматы қаласы мәслихатына 4 партияның өкілдері өтті
Алматы әкімдігі, фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихатына қай партия атынан депутаттар өткені белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстанда алғаш рет мәслихаттардың депутаты пропорционалдық сайлау жүйе бойынша сайланғанын атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатына үш партияның өкілдері өтті — 31 мандат:
- «Nur Otan» - 26 мандат;
- «Қазақстан Халық партиясы» - 2 мандат;
- «Ақ жол» партиясы – 3.
Алматы қаласының мәслихатына төрт партия өкілдері өтті - 39 мандат:
«Nur Otan» - 29 орын;
«Ақ жол» - 4 орын;
«Қазақстан Халық партиясы» - 3 орын;
«Ауыл» - 3 орын.
Шымкент қаласы мәслихатына үш партияның өкілдері өтті - 30 мандат:
«Nur Otan» - 24 мандат;
«Ауыл» - 3 орын;
«Ақ жол» - 3 мандат.
Партияларға мәслихат мандатын иеленетін депутаттарды анықтауға 5 күн уақыт берілді.
Көп оқылған
16.03.2026, 10:03
Голливуд жұлдызы қазақ рэперінің әніне видео түсіріп, әлеуметтік желісіне жүктеген (ВИДЕО)
16.03.2026, 14:54
Қостанайдағы саяжайлардың бірінде ер адам әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген
16.03.2026, 15:38
Жүк көлігімен қарсы бағытқа шығып, төрт адамның өліміне себеп болған: Ақтөбеде сот жүргізушіні ақтап алды