Англия соты Cтатиді Қазақстанға 3,7 миллион доллардан астам сот шығынын өтеуге міндеттеді
Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

6 қаңтарда Англияның Жоғарғы соты Статиге екі апта ішінде Республикаға және Қазақстан Ұлттық банкіне 3,7 миллион АҚШ долларынан астам сот шығынын төлеуге міндеттеді. Стати бұл бұйрықты даулайды деп күтілуде. Бұл шығыстарды өтеу туралы бұйрық Статидің 2020 жылғы көктемде өткен сот талқылауында ұтылуына байланысты, онда Жоғарғы сот төрт күндік онлайн сот талқылауынан кейін Статидің Республикаға талап-арызы бойынша ҚР Ұлттық банкі жауапты бола алмайды деп шешті.
Еске сала кетейік, 20 желтоқсанда ҚР Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd.-ге (Стати) қарсы Нидерланды Жоғарғы сотындағы процесте табысқа жетті.