ОСК сайлаудың ақырғы қорытындысын жариялады
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, сайлауда 7 539 280 адамға бюллетень берілген. Саяси партияларға дауыс берген сайлаушылар саны - 7 241 562.
Мәжілістегі депутаттық мандат: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясы - 10 мандат. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.