«Еркін, әділ және демократиялық»: ШЫҰ өкілі Қазақстандағы сайлауға бағасын берді

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары журналистерге брифинг өткізді

«Еркін, әділ және демократиялық»: ШЫҰ өкілі Қазақстандағы сайлауға бағасын берді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Миссия басшысы Чжан Хайчжоу 10 қаңтар күні Қазақстанда өткен Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына өз бағасын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазақстан Республикасында азаматтардың конституциялық құқықтарын тең және еркін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Сайлау нәтижелеріне әсер ететін заң бұзушылық әрекеттері тіркелмеді. Миссия өткен сайлауды еркін, әділ, сенімді және демократиялық деп таныды. Миссия елдің заң шығарушы органын сайлау демократиялық Қазақстанның әрі қарай дамуына маңызды қадам болды деп есептейді. Миссия Қазақстан Республикасының халқын сайлаудың аяқталуымен құттықтайды және оларға мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық даму бағытын одан әрі жүзеге асыруда сәттілік тілейді», - деп атап өтті Чжан Хайчжоу.

Еске салайық, 10 қаңтарда өткен Мәжіліс және жергілікті мәслихаттардың сайлауына 5 партия қатысты. Exit poll нәтижесі Nur Otan партиясының бірінші, «Ақ жол» партиясының екінші және ҚХП-ның үшінші орын алғанын көрсетті. Орталық сайлау комиссиясы ресми нәтижені енді жариялайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.