ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс берді

Елімізде бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанда өтіп жатқан Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Құрметті қазақстандықтар, отандастар. Бізде бүкіл ел бойынша маңызды саяси іс-шара өтіп жатыр, біз жергілікті мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлаймыз. Бұл - келіп, дауыс беріп, кетіп қалатын жай ғана механикалық іс-шара емес, бұл әрбір азаматтың билік тармақтарын құруға қатысуының конституциялық міндеттерін саналы түрде орындауы.

Парламент, мәслихаттар еліміз, мемлекетіміз жұмыс істейтін тиісті заңдарды қабылдауға қатысады. Биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Соңғы 30 жылда көп нәрсе жасалды, сіздер оны жақсы білесіздер. Біз бірге, ұйымдаса, мақсатпен жұмыс істегеніміздің арқасында мемлекеттің негізін құрдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде баспасөзге шыққан кезде.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Дауыс беру 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтіп жатыр.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 10 060 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссисы төрағасының бірінші орынбасары Константин Петров мәлімдеді.