ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Джохар Царнаев түрмедегі дискриминация үшін АҚШ билігінен 250 мың доллар талап етті

Талапкер мекеме қызметкерлерінен кемсітушілік пен қысым көріп отырғанын мәлімдеді

Фото: Boston Herald

Бостон марафонында террорлық шабуылды ұйымдастыруға қатысқаны үшін АҚШ-та өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан Джохар Царнаев америкалық билікке шағым жолдады. Оның айтуынша, түрмедегі шарттар тым қатал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Boston Herald газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Царнаев АҚШ федералды билігінен 250 мың доллар көлемінде өтемақы төлеуді талап етті. Судья оны әлі қабылдаған жоқ, өйткені Царнаев кейбір құжаттарды ұсынбаған және 400 доллар көлеміндегі баж салығын төлемеген.

Талапкер түрме қызметкерлері тарапынан кемсітушілікке және заңсыз қарым-қатынасқа ұшырағанын айтып отыр. 

Царнаев Флоренция қаласындағы (Колорадо) ең қатаң режимдегі пенитенциарлық мекемеде жазасын өтеп жатыр. Оған сыртқы әлеммен және басқа сотталушылармен байланыс жасауға тыйым салынады. 

Еске салайық, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостонның орталығында өтіп жатқан марафонның мәре сызығына жақын жерде 12 секундтық екі жарылыс болды. Үш адам қайтыс болып, 260-тан астам адам жарақат алды. Оқиғадан бірнеше күн өткен соң полиция жарылысты ұйымдастырушылар - ағайынды Царнаевтардың ізіне түсті. Оларды ұстау кезінде олардың үлкені Тамерланды полицейлер атып өлтірілді. Джохар жарақат алып, қамауға алынды.

2015 жылдың 8 сәуірінде сот Джохар Царнаевты барлық 30 айып бойынша кінәлі деп танып, өлім жазасына кесілді. 2020 жылдың шілдесінде АҚШ-тың бірінші округінің апелляциялық соты Царнаевқа қатысты өлім жазасын алып тастады. Оның жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылды.

Тегтер: