Алматы облысында қарт әйелді КаМАЗ қағып өлтірді
Зейнеткер жаяу жүргінші жолынан өтпек болған
Алматы облысында зейнеткер ауыр жүк көлігінің дөңгелегіне тапталып қалды. Алған жарақатынан қарт әйел қайтыс болды.
Ауыр көлігінің 48 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші өтуге арналған белгіге мән бермеген. Оқиға 6 қаңтар күні Іле ауданының Боралдай кентінде сағат 13:06-да болған.
«DAF-150 маркалы автокөліктің жүргізушісі Абылай хан көшесімен шығыс бағытқа қарай бара жатқанда 70 жастағы әйелді басып кетті. Жол көлік оқиғасының салдарынан ауыр жарақат алған зейнеткер аудандық ауруханаға жеткізілді. Сол күні кешкі сағат 18:40-та зейнеткер ес жимастан қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Апатқа қатысты сараптама тағайындалды. Облыстық Полиция департаменті марқұмның жақындарына көңіл айтады және жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады», — деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.