Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек – Nur Otan
Партияның сайлауалды бағдарламасы жастар проблемасын шешуге бағытталған

Атырау облысы Құрманғазы ауданында жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Орталық патриоттық тәрбие, рухани жаңғыру, азаттық-құқықтық, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында шаралар өткізуді жалғастырады.
Ауданда жастардың әлеуметтік және олардың әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ауданда 14-29 жас аралығында 15 293 жас, ол аудан халқының 30,3 пайызын құрайды.
Жастарды қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы:
- Жыл сайын 250-ден астам жасты жұмыс орындарына тартуға;
- «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жыл сайын өз ісін ашуға және бизнесті жүргізуге кемінде 10 жасқа несие беруге;
- 19 ауылдық округте еріктілер топтарын құру арқылы еріктілер қозғалысын қолдауға;
- «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде
- 70 жастың жұмысқа орналасуына;
- Ауданда ашылған «Жас туристер бекеті», «Жасөспірімдердің спорттық даярлық клубы» мекемелерінде үйірме қатысушыларының санын 30 пайызға арттырып, Өлкетану, Спорт, Экология, Патриотизм бағыттары бойынша іс-шараларды көбейтуге;
- Өркениет жобасы аясында жыл сайын аудан жастары үшін көршілес Ресей Федерациясы, Қазақстанның сокралды орындарына экскурсия ұйымдастыруға;
- Жастар ресурстық орталығы арқылы, жыл сайын 100-ден астам іс-шара (Ардагерлерді ардақтайық, Ұрпақтар сабақтастығы, Зерде, Отбасым-байлығым, Жас дарын, Білім-ринг, Не? Қайда? Қашан? Жастарға психологиялық-құқықтық көмек көрсету, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл акциялары т.б.) өткізуге;
- 2025 жылға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жылына кемінде 30 маманды көтерме жәрдемақымен және 5 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудан жастарының жұмыссыздық деңгейін 7,8 пайыздан 7,3 пайызға дейін төмендету көзделген.
Е.Боранғалиев, Атырау облысы, Құрманағзы ауданы, «Жастар ресурстық орталығының» КММ басшысы
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді