Toyota Ұлыбритания мен Франциядағы зауыттарының жұмысын тоқтатты
Ұлыбританияда коронавирустың SARS-CoV- жаңа мутациясы табылды
Жапондық Toyota автоконцерні Ұлыбритания мен Франциядағы зауыттардың жұмысын тоқтатты. Мұндай шешім коронавирустың жаңа мутациясының пайда болуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлыбританияда 22 желтоқсанда қозғалтқыш шығаратын зауыты, ал 23 желтоқсанда құрастыру зауыты жұмысын тоқтатады. Францияда 22 желтоқсаннан бастап дөңгелектерді өндіруге жауапты зауыт уақытша жабылады. Қызметкерлер 24 желтоқсаннан басталатын Рождестволық мерекелерге берілетін демалысқа мерзімінен бұрын жіберілді.
Оған себеп - Ұлыбританияда коронавирустың SARS-CoV- жаңа мутациясының табылуы. Британия Үкіметі елде анықталған жаңа вирус түрін тез таралады деп мәлімдеді және халықтан сақ болуды талап етуде.
Осы жаңалықтан кейін бірқатар елдердің билігі Ұлыбританиямен көлік қатынасын тоқтата тұру туралы шешімдерін жариялады. Франция Ұлыбританиядан келетін жолаушыларға 48 сағаттық мораторий енгізді.