20.11.2019, 21:53
Саясат
Елбасы Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
«Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт», – деді Елбасы.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді