$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2020, 17:30
Саясат

ОСК «Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауына түсетін тізімін тіркеді

Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 4 қаңтарға дейін жалғасады

ОСК «Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауына түсетін тізімін тіркеді
Фото: election.gov.kz

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, оған саяси партиялардың, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер және қаржы министрліктерінің өкілдері, бейнебайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста 10 қаңтарға тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін тіркеу және кезекті Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселелері қаралды.

ОСК төрағасы Берік Имашев Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну мерзімі 30 қарашада сағат 18:00-де аяқталғанын еске салды. Орталық сайлау комиссиясына бес саяси партия тізім ұсынған.

Ортсайлауком мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша, 20 қарашада Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ОСК ТМД Парламентаралық ассамблеясынан 29 байқаушыны аккредиттеді. 25 және 26 қарашада Сыртқы істер министрлігінің 10 байқаушыны аккредиттеу туралы ұсынысы келіп түсті. Олардың ішінен: 6 байқаушы – ТМД байқаушылар миссиясы құрамында; 4 байқаушы – Ислам ынтымақтастығы ұйымы миссиясынан аккредиттеледі.

Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 2021 жылғы 4 қаңтар сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары