ШұғылБір аптада коронавирустан 73 қазақстандық қайтыс болды

Елбасының видеоүндеуі жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Жер шары ерте ме, кеш пе, ядролық қарудан арылатынына сенім білдірді

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды.

«COVID-19 пандемиясы теңдесі жоқ дағдарысты тудырды, бірақ адамзат өз тарихында бірнеше рет осындай деңгейдегі қиындықтарға тап болып, жеңіске жетті. Халықаралық қоғамдастық осы стресс-тесттен сәтті өтіп, жеңімпаз атанатынына сенімдімін.

Биыл әлем қайғылы күнді атап өтті - 75 жыл бұрын алғаш рет ядролық қару қолданылды. Содан бері адамзаттың бірнеше ұрпағы өсіп, Хиросима мен Нагасаки апаттары біртіндеп ұмытыла бастады. (...)», - деді Елбасы үндеуінде.

Елбасының айтуынша, «ядролық бестікке» де-факто ядролық қаруларға ие мемлекеттер де қосылған. Оларға бұл қаруға ие болуға жақын елдерді тағы қосуға болады.

Сондай-ақ, Назарбаев үндеуінде қазақстандықтарға алғыс білдіре отырып, әлем ядролық қарудан біржола құтылады деген сенімді екенін білдірді.