Джо Байден итпен ойнап жүріп тобық сүйегін шығарып алды
Енді ол бірнеше апта бойы арнайы аяқ киіммен жүруге мәжбүр

АҚШ президенті Джо Байден итімен ойнап жүріп, тобық сүйегін шығарып алды. Бұл туралы оның журналистік пулы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
Оқиға сенбі күні болған.
«Байден Майгер атты итімен ойнап жүргенде тайып кетіп, аяғының тобық сүйегін шығарып алды. Оны ортопед дәрігер тексереді», - делінген хабарламада.
Джо Байденге томографиядан кейін аяқ сүйектерінің сынғаны жайлы диагноз қойған.
«Компьютерлік томография бүйір және ортаңғы сына тәрізді сүйектердің филиформалық сынықтарын растады», - деп хабарлайды.
Хабарламада Байден бірнеше апта бойы арнайы аяқ киіммен жүруі мүмкін екені айтылған.
Еске салайық, АҚШ президентін сайлау 3 қарашада өтті. Байден алдын ала мәліметтер бойынша 306 штаттан 270 дауыс жинады.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан