ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

3 триллион теңге: Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасады

Мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлінбек
 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біздің бағдарламада төрт негізгі басымдық бар. Әрбір азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру керек. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі тиіс. Ең бастысы – әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлеміз», - деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Президент әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетінін айтты.

«Таяудағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллион  теңгеден астам қаржы бөлінетін болады. Зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен қатар, біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Бұған дейін Президент Nur Otan партиясының Үкіметпен бірге «Өзгеру жолы – әркімге лайықты өмір» бағдарламасына 21 триллион теңге бөлуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан