$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2020, 11:51
Саясат

Партиялық тізімдегі кандидаттардың басым бөлігі – жастар мен әйелдер

Мәжіліс сайлауында партияның тізімінде 126 кандидат болады
 

Партиялық тізімдегі кандидаттардың басым бөлігі – жастар мен әйелдер

«Нұр Отан» партиясы бүгінгі XX съезде Мәжіліс сайлауында 126 кандидаттың партиялық тізімін бекітуді жоспарлап отыр. Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының «қайта жүктелуіне» оң баға берді. 

«Праймериздегі жастар үлесі – қатысушылардың үштен бір бөлігі немесе партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам. Партиялық тізімдегі кандидаттардың 30%-ын әйелдер құрайды. Бұл тізімде көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар. Бастауыш партия ұйымының әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңімпаз атанды. Осылайша, біз «Нұр Отан» партиясының жүйелі «қайта жүктеуін» аяқтадық. 

«Пандемияға және онымен байланысты әлемдік экономиканың 4,4%-ға, ал кейбір дамыған елдерде 10%-ға құлдырауына қарамастан, тиімді жұмыс пен Ұлттық қор қаражатының арқасында біз жағдайдың теріс дамуын болдырмадық», - деді Президент. 

Серіктес жаңалықтары