$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2020, 10:46
Саясат

Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Бөген ауылдық округінде болған ұлттық ойынға 100-ге жуық адам жиналған

Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын ұйымдастырушыларды жауапқа тартты,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындардың карантин талаптарын сақтауының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осындай кезекті шара барысында Бәйдібек ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған тұрғындарды анықтады.

Бөген ауылдық округіндегі еркін жайылымдардың бірінде Бәйдібек АПБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның ас беру құрметіне ұйымдастырылған ұлттық ойынды өткізуді тоқтатты. Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді. Сондай-ақ шектеу шараларын бұза отырып, 100-ге жуық адамды жинаған көкпар ұйымдастырушыларын жауапқа тартты.

Іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге, антисептиктерді қолдануға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. Сондай-ақ, егде жастағы тұрғындар мен балалар шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауы керек.

Серіктес жаңалықтары