$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 17:57
Саясат

Респонденттердің 72,1%-ы алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін айтты – сауалнама

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты сауалнама жүргізді

Респонденттердің 72,1%-ы алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін айтты – сауалнама
Көрнекі фото: sputniknews.kz

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда Мәжіліс сайлауы өтеді. Жақында Мәжіліс сайлауына қатысатын 6 саяси партияның тізімі бекітілді. Осы саяси науқан қарсаңында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты партиялардың рейтингісіне байланысты сауалнама жүргізіп, нәтижесін ұсынды. Сауалнама 2020 жылдың қазан айында сұхбат түрінде (face-to-face) жүргізілді, репрезентативтік іріктеу бойынша 1200 респондент алынды, қателік +/- 2,82% құрады.

«Егер сайлау келесі жексенбіде өткізілсе, онда сіз қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұраққа басым көпшілігі, яғни респонденттердің 72,1%-ы «Nur Otan» партиясына дауыс беретінін айтты. «Ақ жол» партиясы - 5,1 %, ҚКХП (Халық партиясы) - 2,9%; «Ауыл» партиясы – 2,7%, ЖСДП – 2,3%, «Бірлік» партиясы (Адал) – 1,9% болды. Респонденттердің 13,%-на таңдау жасау қиынға соққан.

Электоралдық сауалнамаларда негізгі мәселелердің бірі - сайлаушылардың қалай дауыс беретіні ғана емес, олардың сайлау учаскелеріне бару-бармауы болды. Өйткені, дауыс берушілерге ауа райынан бастап, хал-ахуалына дейінгі көптеген кездейсоқ факторлар әсер етуі мүмкін.

«Біз өз сауалнамамызда «Егер Парламент сайлауы келесі жексенбіде өтетін болса, сіз дауыс беруге барасыз ба?» деген сұрақ арқылы әлеуетті қатысуды өлшейміз. Жауап нұсқалары үшін бес сатылы шкаланы қолданамыз: «Иә», «Дәлірегі, иә», «Дәлірегі, жоқ», «Жоқ», «Жауап беруге қиналамын». Қазан айында жүргізілген өлшеу нәтижелеріне сәйкес, сайлаушылардың бару ықтималдығы 66,7%-ды құрайды, респонденттердің бұл бөлігі дауыс беруге қатысу ниеті туралы сұраққа оң жауап берді. 15,4% респондент - абсентеистер деп аталады, жауаптары бойынша, олар Парламент сайлауына дауыс беруге қатыспайды. Қалғандары бұл мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ», - делінген «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары