$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 17:16
Саясат

«Бірлік» партиясының атауы өзгерді

Партия төрағасы ребрендинг жасау себебін түсіндірді

«Бірлік» партиясының атауы өзгерді
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін «Бірлік» партиясының саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда партияның ребрендингі мен атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. «Бірлік» саяси партиясының атауы «Адал» болып өзгерді.

«Біз ребрендинг бойынша зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіби әлеуметтанушылар өткізіп, олар 10-ға жуық нұсқаны қарады. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша көпшілігі «Адал» деген нұсқаны таңдаған. Мамандар мұны халықтың жаңаруға деген қажеттілігін, әділеттілікке деген сұранысын түсіндіреді дейді», - деп түсіндірді партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

Партияның саяси кеңесі мүшелері атауын өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Партия төрағасы Серік Сұлтанғали күн тәртібіндегі сайлауалды мәселелерден бөлек, саяси кеңеске енген партияның жаңа 9 мүшесін таныстырды. Олар:

  • Жұмағазиев Элдар Тынышбайұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі;
  • Садырбаев Алмасбек Жұмабекұлы, «Шопан Ата» Ұлттық Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы;
  • Маликова Лаура Алмасбекқызы, Тәжірибелі экологтар қауымдастығының басшысы;
  • Ордабаев Олжас Темірбекұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Назаров Ардақ Құттықожаұлы, әлем чемпионы, қоғам қайраткері;
  • Максат Толықбай, танымал тележурналист;
  • Дәулет Мұкаев, танымал тележурналист, әлеуметтік жобалардың авторы;
  • Шацкий Игорь Владимирович, қоғам қайраткері;
  • Қожамқұлов Мұрат Әкімханұлы, «Адал» партиясы филиалының басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс сайлауына қатысатын 6 саяси партияның тізімі бекітілді. Олардың қатарында «Бірлік» саяси партиясы да бар.

Серіктес жаңалықтары