$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 11:32
Саясат

Қазақстан мен Беларусь қос азаматтыққа жол бермейді

Сенат екі ел арасындағы келісімді ратификациялады

Қазақстан мен Беларусь қос азаматтыққа жол бермейді
Фото: aa.com.tr

Сенат Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі ел арасындағы келісімге 2019 жылдың 25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылғанын атап өтті.

«Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонға қарсы күреске мүмкіндік береді. Одан бөлек, екі ел үкіметінің тәжірибе алмасуына және бір-біріне практикалық көмек көрсетуіне септігін тигізбек. Қазақстан мен Беларусь азаматтарының құқықтық мәртебесін анықтау керек», - деді министр Сенаттың жалпы отырысында.

Осы құжат шеңберінде көші-қон саласындағы қылмыспен күрес жүргізуге болады.

«Ішкі істер министрлігі 23 халықаралық келісімді бекітті, тоғыз келісім әзірленіп жатыр. Осы келісімнің нәтижесінде ақпарат алмасу жақсарады, адамдарды басқа елдерге қайтару (экстрадиция) мәселесі шешіледі, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталады және қос азаматтыққа жол берілмейді», - деді министр.

Министрдің айтуынша, аталмыш заң жобасы қосымша қаражат талап етпейді.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары