$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2020, 22:28
Саясат

Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық туралы айтты

Президент Қазақстанның Оңтүстік Кореямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді

Тоқаев Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық туралы айтты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастаған «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясы мен «Самал жел» бағдарламасы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай деп санайды. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумның қатысушыларына арналған бейне үндеуде Қазақстанның Корея Республикасымен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық әлеуеті туралы айттым», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

«Президент Мун Чжэ Ин бастамашысы болған «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясы және «Самал жел» бағдарламасы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай. Біз Оңтүстік Кореямен стратегиялық серіктестікті және көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз», – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары