21.10.2020, 08:03
Саясат
Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді
Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетін күнді белгіледі
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын.
- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 қазан
№ 439
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды