Тоқаев «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» газеттерін мерейтоймен құттықтады

Бұл газеттер 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр

Тоқаев «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» газеттерін мерейтоймен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» газеттерінің ұжымын басылымның 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elorda.info сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті елордалық қос басылым ұжымы! Басылымдар осы жылдар ішінде өсу-өркендеу кезеңдерінен өтті. Елордалық газеттер қаланың тыныс-тіршілігін ғана емес, жалпы халықтың жағдайын, елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын, мәдениет пен руханиятты өндіртіп жазып, қалың оқырманның ықыласына бөленіп жүр. Сіздерді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ұлағатты сөзін берік ұстанып келе жатқан қарымды қаламгерлер, кәсіби журналистер деп білеміз. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңыз, көтерген мәселелеріңіз халықтың мұң мен мұқтажын, ойы мен пікірін, талабы мен тілегін қаузап, қоғам дамуына елеулі үлес қосып келеді», - деп жазлған құттықтауда.

Президент мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірдей болған еңбектерін жақсы білетінін және жоғары бағалайтынын айтып, ұжымға шығармашылық табыс, әр қызметкердің отбасына бақ-береке тіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.