ЕҚЫҰ мүшелері алдымен Әзірбайжан тарапымен келіссөз жүргізуде
Женевада ЕҚЫҰ Минск тобының (Ресей, АҚШ және Франция) тең төрағалары Әзірбайжан өкілдерімен келіссөзді бастады. Бакуден Швейцария астанасына Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов келді. Бұл туралы ria.ru агенттігі хабарлайды.
«Кездесу құпия жерде және жабық форматта өтеді», - деп атап өткен агенттіктің дереккөздері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты келіссөздер 8 қазанда Женевада өтті. Екінші рет 12 қазанда Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан хабарлаған.
«Біз Франция, Ресей және АҚШ-тың қолдауымен Қарабақтағы қақтығыстың барлық тараптар үшін бір ғана мақсатпен, яғни, алдын ала шарттарсыз, тез арада соғысуды тоқтату үшін келіссөз жүргізуді бастайтынымызды хабарлаймыз», - деді француз дипломатиясының басшысы.
Айта кетейік, Армения Сыртқы істер министрі Зоград Мнацаканян 12 қазанда Мәскеуде өтетін келіссөзге іссапармен баратын болды. Ереван бұл ақпаратты ресми түрде растады.