$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 10:04
Саясат

Жээнбеков президенттіктен қандай жағдайда кететінін айтты

Қырғыз Республикасының басшысы халыққа тағы да үндеу жолдады

Жээнбеков президенттіктен қандай жағдайда кететінін айтты
Фото: president.kg

Бүгін Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты халыққа үндеу жолдады.

Мемлекет басшысының жолдаған үндеуінің мәтіні төмендегідей:

«Елдегі саяси жағдай тығырыққа тірелді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты келесі шараларды жүзеге асыруымыз қажет.

Жогорку Кенеш сайлауының нәтижесі жоққа шығарылды. Енді жаңа парламент сайлауы белгіленуі тиіс. Бұл мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясы шешім қабылдайды. Бұл қадамдар саяси тартыстың бәсеңдеуіне септігін тигізеді.

Сонымен қатар дағдарысқа дейін жұмыс істеп келген Премьер-министр мен Үкімет мүшелерін отставкаға жіберу қажет. Бұл жаңа тағайындаулар жасауға мүмкіндік береді. Жаңа Премьер-министр және Үкімет мүшелерін тағайындауды заңдастыру үшін Жогорку Кенештің қаулысы мен Президент жарлығы қажет. Мен тиісті жарлықтарға қол қоюға дайынмын, Жогорку Кенеш қаулысын күтіп отырмын.

Парламентарилер өз міндетін орындау үшін құқық қорғау органдары Жогорку Канеш депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Құрметті отандастар, бұған дейін хабарлағанымдай, болып жатқан кадрлық өзгерістерді заңдастыруға әзірмін. Мен үшін ешқандай лауазымды қызмет мемлекет тұтастығы мен халық бірлігі, қоғам тыныштығынан жоғары емес.

Қалыптасқан жағдайды мүмкіндігінше тездетіп дұрыстауымыз қажет. Атқарушы билік органдарының басшыларын тағайындау заңды түрде бекітіліп, еліміз заң жолына түскенде мен Қырғыз Республикасының Президенті қызметін босатуға дайынмын.

Барлық саяси күштерді елде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, халықты бөліп-жарып, араға іріткі салмауға шақырамын. Жаратқан барлық саяси күштерге сабыр мен ақыл берсін!»

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары