Бішкек мэрі отставкаға өтініш берді

Автор: Azattyq Rýhy

Азиз Суракматов 2018 жылдың 8 тамызында Бішкек қаласының мэрі болып сайланған еді

Фото: ru.sputnik.kg

Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласының мэрі Азиз Суракматов отставкаға өтініш берді. Бұл туралы қалалық муниципалитет басшысының кеңесшісі Гуля Алмамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, Бішкек мэрі қызметінен кету туралы өтінішті өз еркімен жазған. Оның отставкасын Бішкек қалалық кеңесі қабылдауы тиіс.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспегендер 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ парламент ғимаратын, Ақ үй, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Наразы топ астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болған көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді