Қайрат Жақыпбаев жаңа қызметке тағайындалды
Ақордада ауыс-түйіс

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Қайрат Жақыпбаев 1964 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (құқықтану) тәмамдаған. 1990 жылы Мәскеудегі КСРО прокуратура органдары басшы кадрларының біліктілігін арттыру институтын бітірген.
ҚР ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР прокуратурасы органдарының құрметті қызметкері.
1985-1988 жылдары — ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық прокуратурасының тергеушісі.
1988-1991 жылдары — ОҚО прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры.
1991 ж. наурыз – 1991 ж. желтоқсан аралығында — ОҚО прокуратурасының тергеуді қадағалау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары.
1991-1993 жылдары — ОҚО Арыс ауданаралық прокуроры.
1993-1995 жылдары — ҚР Бас прокуратурасы аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқарма бастығы.
1995-1997 жылдары — Мемлекеттік тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, Әскери тергеу департаментінің басшысы, ҚР МТБ алқасының мүшесі.
1997-2000 жылдары — ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы.
2000-2004 жылдары — ҚР Парламентi Мәжiлiсi аппаратының заң шығару және мониторинг орталығының директоры, Заңнама бөлімінің меңгерушісі.
2004-2006 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының орынбасары.
2006-2008 жылдар — ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі.
2008 – 2017 жылдар — «KEGOC» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры. 2017 ж. ақпаннан бастап — Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.
2018-2020 жылдар - ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.