Еуроодақ Беларусь Республикасына санкция салады
Шектеу тізімінде 40-қа жуық адам бар
Еуроодақ басшысы Шарль Мишель Беларусь Республикасына қарсы санкция салынатынын, шектеу енгізу тізімінде 40-қа жуық адам бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Бұған дейін санкция енгізуге Түркияға қатысты ұстанымы үшін Кипр келісім бермей отырған еді.
«Беларусьтегі президент сайлауынан кейін біз бірден кезектен тыс саммит ұйымдастырып, осы жағдайға байланысты ұстанымымызды танытпақша едік. Біз бүгін осы күнге дейін талқыланған санкция салу мәселесін шештік. Ертең біз жазбаша түрде Беларусь Республикасына санкция жібереміз», - деді ол.
Еуроодақ басшысының айтуынша, тізімде 40-қа жуық адам бар.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлыбритания мен Канада адам құқықтарының бұзылғаны күні Лукашенкоға қарсы санкция салған еді.