$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 16:32
Саясат

Кремль Назарбаевтың Украина мен Ресей басшыларын кездестіру туралы идеясына пікір білдірді

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Astana club» пленарлық мәжілісінде Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуін ұйымдастыру қажет деген бастама көтерді

Кремль Назарбаевтың Украина мен Ресей басшыларын кездестіру туралы идеясына пікір білдірді
Фото: russian.rt.com

«Бүгінде Ресей мен Украинаның арасы суып кетті. Мен өзім Украинаны жақсы білемін, Ресейді одан да жақсы білемін. Негізі, бұл жақын елдер ғой. Меніңше, Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуін ұйымдастыру қажет. Зеленский өз келісімін берді. Оны Путинге де айттым. Егер бейтарап аймақ керек болса, кездесуді Қазақстанда өткізуге болады», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Н.Назарбаевтың бұл бастамасына қатысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пікір білдіріп, жоғары бағалайтынын айтты. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.

«Мұндай кездесулерден ешқашан бас тартпайтынын Путиннің өзі де айтты. Бірақ ол (Путин - ред.) мұндай кездесуге жан-жақты дайындықпен келу керек, өйткені кездесу үшін ғана кездесу ұйымдастырудан пайда жоқ деп есептейді. Осы ретте біз алдағы «Норманд төрттігінің» кездесуіне тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Әрине, ол үшін тараптар Минскіде алған міндеттерін орындау керек», - дейді.

Сондай-ақ, Д.Песков Ресей президентінің Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтірудің әрқашан жақтаушысы екенін айтты. 

Серіктес жаңалықтары