Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салды

Соғыс басталғалы бері 58 әскери қызметші мен 2 бейбіт тұрғын қаза тапты 

 

Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салды

Арменияда 18-55 жас аралығындағы ер адамдар аумақтық әскери комиссариаттардың жазбаша рұқсатымен ғана елден кете алады. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Sputnik Арменияға сілтеме жасап хабарлайды.

«Армения үкіметінің 2020 жылғы 27 қыркүйекте қабылдаған 1585Н шешіміне сәйкес, 55 жасқа дейінгі адамдарды шақыру жарияланғанын хабарлаймыз. 18-55 жас аралығындағы ер адамдарға аумақтық әскери комиссариаттардың жазбаша рұқсатымен ғана елден шығуға рұқсат етіледі», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте Қарабақтағы елдімекендер, сондай-ақ әскери бөлімдер Әзірбайжан тарапынан қарқынды артиллериялық атысқа ұшырады. Содан кейін жаудың мотоатқыштар мен танк бөлімшелері солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарға шабуыл жасады.

Қазіргі уақытта шайқастар жалғасуда, қорғаныс армиясы жаудың шабуылдарын анықтап отыр. Таулы Қарабақ қорғаныс армиясының соңғы мәліметтері бойынша, соғыс басталғалы бері 58 әскери қызметші мен екі бейбіт тұрғын қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.