$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 10:09
Саясат

Трамп Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

«Біз бұл жағдайды тоқтата аламыз ба, көреміз» деді АҚШ президенті 

Трамп Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дерек көзінен

АҚШ бірақ резиденті Дональд Трамп дүйсенбіде журналистерге берген сұхбатында Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты түсініктеме берді. Ол бұл қақтығысты мұқият қадағалап, зорлық-зомбылықты тоқтатуға тырысатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі news.am ақпараттық порталына сілтеме жасап.

«Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Біз аталған елдермен жақсы қарым-қатынастамыз. Қақтығысты тоқтата аламыз ба, көреміз», - деді ол.

Еске сала кетейік, жексенбіде Әзірбайжан қарулы күштері халықаралық гуманитарлық құқықтың қолданыстағы нормаларын және қақтығысты шешу жөніндегі бейбіт келіссөздер логикасын өрескел бұзды. Зымыран-артиллериялық құралдар мен авиацияны қолдана отырып, қорғаныс армиясы мен Қарабақтың бейбіт елдімекендеріне шабуыл жасады. Армения соғыс жағдайын жариялады

 

 

Серіктес жаңалықтары