ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

БАӘ мен Бахрейн Израиль мемлекетін мойындады

Осы уақытқа дейін Израильді тек екі араб елі - Египет пен Иордания ғана мойындаған

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, деп хабарлайды Еuronews.

Тарихи келісімдерге АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Ақ үйдің террасасында қол қойылды. Израиль атынан құжатқа премьер-министр Биньямин Нетаньяху, ал екі араб мемлекеті атынан - сыртқы істер министрлері Абдулла бен Зейд аль-Нахаян мен Әбдел Латиф әз-Заяни қол қойды.

«Біз мұнда тарих толқынын өзгерту үшін келдік. Жылдарға созылған келіспеушіліктер мен дау-дамайлардан кейін біз Таяу Шығыста жаңа таң атқанын көреміз. Осы үш мемлекет басшыларының керемет батылдықтарының арқасында біз барлық конфессиялар мен дін өкілдері бірге бейбітшілік пен бақуаттылықта өмір сүре алатын болашаққа қадам бастық», - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Израиль Әмірліктермен және Бахрейнмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін Иордан өзенінің Батыс жағалауының бір бөлігін қосып алу ниетінен бас тартқан. Бірақ Палестина басшылығы қол қойылған келісімдерді қатаң айыптап, оны арқадан пышақ ұрғанмен тең деп атады. Газа секторын билеп отырған ХАМАС исламдық қозғалысы да келісімге үзілді-кесілді қарсы болды.

Вашингтондағы салтанат кезінде Газа секторынан Израильге қарай екі зымыран атылды. Израиль армиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың бірін қорғаныс жүйесі әуеде қағып түсірді, ал Ашдодтағы тағы бір зымыранның жарылуынан екі израилдік жеңіл жарақат алды.

Тегтер: