$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 18:05
Саясат

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада жаңа қала салады

Оның аумағы 500 га құрайды 

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада жаңа қала салады
Фото: Gazeta.ru

Өзбекстанның Ташкент облысы Ташкент ауданында аумағы 500 га құрайтын спутник қала мен өндірістік аймақ салу жоспарлануда. Жаңа территорияның кейбір аумағы тікелей Қазақстанмен шекаралас болмақ, деп жазды Gazeta.ru сайты.

Өзбекстанның жер ресурсы, геодезия және картография мен мемлекеттік кадастры бойынша мемлекеттік комитеті Ташкентте спутник қала мен өндірістік жоба құру қаулысын Олий Мәжілістің заң палатасы талқылауына жіберді.

Құжаттарда көрсетілгендей, жалпы аумақтың 348,8 гектарын мал бордақылайтын «Бурдокичилик» базасы, сондай-ақ, «М. Фозилов» және «Көксарай» агрофирмаларына тиесілі ауыл шаруашылығы жері құрайды.

Болашақ территорияның кейбір учаскілері Қазақстан және Өзбекстанның мемлекеттік  шекарасының қасында орналасқан. Мысалы, «Бурдокичилик» базасының аумағынан өтетін өзбек-қазақ шекарасының қоршауы тұрған автомобиль жолы бөлінген жер телімінің бастапқы нүктесі ретінде көрсетілген.

Осы жерге мемлекеттік шекараның дәл қасында орналасқан егістік жолдың оң жақ территориясын қосу жоспарлануда.

Құжатта Өзбекстанның Экономика және Қаржы министрлігі, Ташкент қаласының хокимияты жаңа аумаққа жергілікті бюджетті бекітіп, оның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжалды параметрлерін жасауы тиіс екені көрсетілген.

Айта кететіні, аталған спутник қала мен өндірістік аумақтың құрылысы туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев маусым айының басында Алмазар ауданына барған сапарында мәлімдеген болатын. Жобаны талқылау 8 қыркүйекке дейін созылады.

Серіктес жаңалықтары