Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Египеттегі елшісі болып тағайындалды
Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елдердегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Египет, Алжир, Тунис елдеріндегі төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан босатылды;
Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;
Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев ҚР-ның Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан, Мальдивтер елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды;
Қазақстанның Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов ҚР-ның Солтүстік Македониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.
Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;
Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.