$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 21:20
Саясат

Тоқаев құқық қорғау органдарын реформалау жөнінде кеңес өткізді

Жиында құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді

Тоқаев құқық қорғау органдарын реформалау жөнінде кеңес өткізді
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы өзгерістердің басты мақсаты – заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің үш буынды моделін құру және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді. Президент аталған жүйе заңдылық пен әділеттілікті қалыптастыру механизмінің кепілі болуға тиіс екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, құқық қорғау органдары басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Серіктес жаңалықтары