$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.08.2020, 14:59
Саясат

Праймеризге қатысуға 11 мыңға жуық адам тіркелді

Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас

Праймеризге қатысуға 11 мыңға жуық адам тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

«Nur Otan» праймеризіне үміткерлерді тіркеудің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол – партияны «қайта жандандыру» мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр. Сонымен, 17 – 28 тамыз аралығында 10 990 адам тіркелді. Олардың 36,9% - әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін-өзі ұсынушылар – 7900 адам. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас», - деп жазды Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 18. Алматы мен Шымкентте – 9-дан, Жамбыл және Түркістан облыстарында – 6 үміткерден келеді. Шығыс Қазақстан облысында әйелдер және Түркістан облысында жастар ерекше белсенділік танытып отыр.

7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі – үгіт басталады. 14 – 30 қыркүйек аралығында онлайн режимде жария пікірсайыстар өтеді. Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында қыркүйектің басында өңірлік 216 сайлауалды бағдарлама жобалары жарияланады. Олар халықпен бірге талқыланғаннан кейін жетілдірілетін болады.

«Осы орайды пайдалана отырып, өз-өзіне және партиямызға сенім артып, праймеризге өз кандидатурасын ұсынған әрбір жанға алғыс айтқым келеді. Біз олардың адал, ашық және барша қатысушыларға берілген тең мүмкіндіктермен бақ сынауларына бар жағдайды жасаймыз. Партияішілік іріктеудің жеңімпаздары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерімізге енгізілетін болады. Бұл – 5,5 мыңнан астам адам. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді. Ашық та әділ күресте мықтылар топ жарып шықсын! Елімізді бәріміз бірге өркендетеміз!», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары