«Nur Otan» саяси кеңесі бюросының отырысында қандай мәселе қаралатыны жарияланды
Бүгін Елбасының төрағалығымен партия саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтеді

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде бүгін, яғни 28 тамызда өтетін партияның саяси кеңесі бюросының отырысында қандай мәселе қаралатынын хабарлады.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бюро мүшелері партияның «қайта жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және партияішілік сайлау - праймериз өткізу мәселелерін талқылайды деп күтілуде», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, соңғы рет Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының саяси кеңесі бюросының мәжілісі 5 наурызда өтті. Партияның сол отырысында биыл еліміздің барлық өңірлерінде жаңа форматта ішкі партиялық іріктеу – праймериз өткізу жөнінде шешім қабылданды.