$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 19:06
Саясат

Әкімдер жұмыс істеу мәнерін өзгертуі керек – саясаттанушы

Ерлан Саиров әкімдерді праймериздің әділ өтуіне үлес қосуға шақырды

Әкімдер жұмыс істеу мәнерін өзгертуі керек – саясаттанушы

Елімізде әлі де болса командалық басқарушылық әдіспен жұмыс істейтін әкімдер көп. Олар праймериздің әділ өтуіне кедергі келтіруі мүмкін дейді белгілі саясаттанушы, «Nur Otan» партиясы жақтастар лигасының лидері Ерлан Саиров. Лига мүшелері бүгін Орталық коммуникациялар алаңында брифинг өткізіп, праймериздің әділ әрі ашық өту мәселелерін талқылады.

Ерлан Саиров Қазақстан халқының саяси трансформацияланып келе жатқанын және праймериз саяси эволиюциялық дамуға, демократияға жол ашатындығын атап өтті. Сондай-ақ, саясаттанушы аймақтар мен ауыл әкімдерін праймериздің әділ өтуіне үлес қосуға үндеді.

«Еліміз жол айрығында тұр. Біз демократияға, әділеттілік және теңдікке деген терең сұраныс туындаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Саяси реформалардың, әлеуметтік трансформациялардың қажеттілігі бүгінгі тұрмыстың басты аспектісі. Өйткені елді сақтап және жетістіктерді арттырудың басқа баламасы жоқ. Сондықтан, ең бірінші жергілікті жердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек. Көптеген әкім әлі де командалық басқарушылық әдістерімен жұмыс істейді және қоғамдық пікірді ескергісі келмейді. Бүгінгі таңдағы праймериз жастар үшін мүмкіндіктер терезесі. Әртүрлі деңгейдегі әкімдерді праймериздің әділ және шынайы өтуіне өзінің үлесін қосуға, әміршілік, әкімшілік ешқандай қысым жасамауға шақырамыз», - деді ол.

Саиров праймериз барысында жергілікті атқарушы органдар мен әкімдер тарапынан қысым болса, партияның жақтастар лигасы шенеуніктерді партиялық тұрғыдан жазалау және ең жоғарғы жаза партиядан шығару жөнінде ұсыныс енгізетінін баса айтты. Саясаттанушының мәліметінше, 17 тамыздан бері праймеризге қатысуға 3000 адам өтініш білдірген.

Ал қоғам белсендісі Ғалым Байтоқ болса жиын барысында праймеризге халықтың күмәнмен қарайтынын айтқан журналистерді догмалық пікірден арылуға шақырды. Ол сайлаудың әділ өтуі елдегі әрбір азаматтың жауапкершілігінде деді.

«Реформалардың өркениетті жолмен өтуі бізге байланысты. Праймериз мүмкіндіктер терезесі және пандора жәшігі. Әкімшілік ресурстар қолында бар әкімдер түрлі құрылымдарға өз адамдарын өткізуі мүмкін. Сол «Nur Otan» партиясының жақтастар лигасы праймериздің әділ өтуін өз бақылауына алады. Үлкен жауапкершілік аймақтардағы әкімдерге байланысты», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары