$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 19:08
Саясат

Елдегі өзгерістер праймеризге қатысуыма әсер етті – Әлия Садырбаева

Қоғам белсендісі партия қатарына жуырда ғана өткен

Елдегі өзгерістер праймеризге қатысуыма әсер етті – Әлия Садырбаева

Қоғам белсендісі, көпбалалы ана Әлия Садырбаева Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Nur Otan» партиясының праймеризіне не себепті қатысып жатқанын айтты.

Бір кездері билікті қатаң сынап, бейбіт митингтерге шығып жүрген Әлия алдымен «Nur Otan» партиясының жақтастар лигасына қосылған.

«Мен бір кездері партияны әлеуметтік проблемаларды шешу алаңы ретінде пайдаланбақ болғанмын. Бірақ, ол кездері аймақтарда мұндай мүмкіндіктер болмады. Ең алдымен мені Елжан Бияхметұлы партия жақтастарының лигасына шақырды. Праймериз туралы толығырақ ақпарат білгеннен кейін, қатысуға шешім шығардым. Елдің өзгеруіне үлес қосқыларыңыз келсе, праймеризге қатысыңыздар. Егер сайлау барысында қандай да бір заңбұзушылықтар болса, қорықпай келіп партияға айтыңыздар. Праймериз арқылы әр адам өзгерістердің бастауы бола алатынын білуі тиіс», - деді Әлия.

Мәжіліске өтініш берген қоғам белсендісі праймеризде жеңіске жетсе бала тәрбиесі, көпбалалы аналар мәселесі мен әлеуметтік проблемаларды көтергісі келетінін жасырмады. 

«Мен көпбалалы ана ретінде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлемін. Еліміздің кез келген саласында детструктивті өзгерістер болғанын қаламаймын. Бәрі демократиялық сатылы жолмен жүзеге асуы керек. Қазір проблемаларды ашық айтатын кез. 2017-2018 жылы мен ұсынған ұсыныстар мен шағымдар назарға алынбаса, қазір менің ұсыныстарыма құлақ асушылар көбейді. «Бәрі бос» деген әңгімемен қолды бір сілтеп отырмай, сайлауға қатысайық, мүмкіндіктерді пайдаланып көрейік. Ал әділетсіздік болса, оның бәрін ашық айтуға мүмкіндік әлі де болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары