$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2020, 17:23
Саясат

Праймеризде халықтың тілін түсінетін кандидат жеңіске жетуі керек – Махметғали Сарбеков

Тараздағы университет ректоры праймеризге қатысты халықтың шын мәнінде не ойлайтынын айтты

Праймеризде халықтың тілін түсінетін кандидат жеңіске жетуі керек – Махметғали Сарбеков

Журналистер мен ақын-жазушылар, бірнеше университет ректорларымен өткен zoom-конференция барысында Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарбеков осы уақытқа дейін сайлау науқандары кезінде байқаған жайттармен бөлісіп, оны шешудің жолдарын ұсынды.

Дәлірек айтсақ, Сарбековтің пікірінше, қазір халық кез келген сайлау науқанына сенімсіздік танытып, сайлауға түсіп жатқан адаммен кездескенде, не өзінің жеке басындағы ұсақ-түйек проблемаларын, не саясатқа қатысы бар деп ойлайтын, бірақ халық арасындағы проблемаға мүлде қатысы жоқ жайттарды айтып шулайды.

«Халықтың сайлауға деген сеніміне, пікіріне қатысты мәселелер бар. Сол мәселелерге сіздердің назарыңызды аударғым келеді. Өйткені, бұған дейін сайлау науқандарына бақылаушы болған мен праймеризге қатысатын жастарға сол мәселелер сабақ болады деп ойлаймын», - дейді ректор.

Жалпы, «Nur Otan» партиясының осы праймеризі шынымен жаңа форматта, жаңаша талаптармен өтіп жатқанын атап өткен ол ең басты мәселе – халықтың тілін түсіне білуде дейді.

«Ең бірінші, халықтың көкейінде жүрген проблемаларды дұрыс түсіну, соның шешу жолдарын халық түсінетіндей тілде жеткізу. Жалпы, халық арасына көп баратын адам ретінде мынаны сеніммен айта аламын: праймериз болсын, басқа сайлау болсын, халық «ұйымдастырып жатқан тарап өз адамдарын жібереді, сайлаудан кейін айтқан уәделерінің бәрі ұмытады» деп ойлайды. Осы күмәнді жоққа шығара білу керек. Бұдан басқа тағы бір қауіп бар: халық көбіне өзінің мәселелерін айтқанда екі жаққа кетіп қалады. Бірінші жақта – ұсақ-түйек проблемалар, екінші жақта – саясат. Партия осы тәуекелді ескере білуі керек. Яғни, праймеризді тек сайлау үшін ғана өткізбей, преймериз арқылы халық арасындағы партияның имиджін, сенімін көтеру керек. Осы мәселелерді басты назарға алуларыңызды сұраймын», - деді партия хатшысы Арман Қырықбайдың қатысуымен өткен конференция барысында Махметғали Сарбеков.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Nur Otan #праймериз