$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2020, 16:23
Саясат

Тоқаев Қазақстанда жемқорлық жайлаған салаларды атады

Бүгін Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Тоқаев Қазақстанда жемқорлық жайлаған салаларды атады

Шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент қаласы және Жамбыл облысының әкімдері есеп берді.

Президент кеңесте сөйлеген сөзінде азаматтармен диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлық белең алып, қоғам наразылығын туғызып жүрген түйткілді салаларды анықтауға болатынын айтты.

«Адамдар бұрынғыша жоғары оқу орны, колледж, тіпті, мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық  азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Басты мәселе – осы. Ал, кәсіпкерлер жер комитеті, Өртке қарсы қызмет, салық және кеден органдарын жемқорлық жайлаған деп есептейді. Жолдың сапасына байланысты да жұртшылықтың алаңдаушылығы жоғары. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы маған су шаруашылығы саласында айтарлықтай түйткілдер бар екенін хабарлады», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.

Серіктес жаңалықтары