$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2020, 21:39
Саясат

Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында баяндады

Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берілді.

Кездесуде ақпараттық саясат және азаматтық қоғам мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда Аида Балаева отандық Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрлік алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Серіктес жаңалықтары