Компания бүгін тағы бір қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді
Бүгін, 27 қараша күні (Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі тағы бір топ-менеджердің жұмыстан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» Сағындықов Дархан Танатұлы 2026 жылдың 26 қарашасынан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлайды. Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп қарашаасқармасының мүшеcі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтады», - деп хабарланған компанияның ресми сайтында.
Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің операциясынан кейін бұл компаниядан кемі екі лауазымды тұлға жұмыстан кетті. Оның біреуі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы апта ұстап әкеткен Қуаныш Омарбеков. Ол компанияның өндіріс жөніндегі бас директоры болған. Жұмыстан кеткен екінші адам – Владислав Байғожин, яғни, Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшелері – Коммерция жөніндегі бас директор.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі топ-менеджер Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдарды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Оқи отырыңыз:Қазығұрттың бұрынғы бас дәрігері өлім аузындағы науқастарға оттегі беретін аппараттың орнына Астанадан үй сатып алған
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.