Жақыповтың сыбайластары деген күдікпен «Қазатомөнеркәсіптегі» бір топ адамды ұсталды

Олардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі де бар

Жақыповтың сыбайластары деген күдікпен «Қазатомөнеркәсіптегі» бір топ адамды ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және басқа да адамдарды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ҰҚК мәліметінше, олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз:Қазығұрттың бұрынғы бас дәрігері өлім аузындағы науқастарға оттегі беретін аппараттың орнына Астанадан үй сатып алған

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», -  деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.

Мақалада
#ҰҚК #тергеу