Бүгін, 15:04
Саясат
Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады
Жұмыс сапары кезінде президент халықаралық конференцияға қатысады
Фото: Ақорда
25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресми мәлімдеді.
«Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды», - деп жазған Смадияров.
Оның дерегінше, президент жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
