«Әділет» партиясы үш жүзге жуық әлеуметтік нысанды тексерген - кемшіліктердің 80% жойылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады

«Әділет» партиясы үш жүзге жуық әлеуметтік нысанды тексерген - кемшіліктердің 80% жойылды
Фото: партияның баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлағынымыздай, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай  төрағасы, «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдаған болатын. Құрылтайдың жұмысынан бөлек, Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының атқарған жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Айбек Дәдебай хабарлағандай, прартия Үкіметпен бірлесіп, 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі. Құжат 303 іс-шараны қамтиды. Айта кетейік, ол іс-шаралардың орындалуын қадағалау үшін цифрлық мониторинг құралдары еніп жатыр.

«Партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсті. Оның 8,3 мыңнан астамы оң шешімін тапты. Партиялық бақылау барысында 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тексеріліп, анықталған кемшіліктердің 80 пайызға жуығы жойылды. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 12 мыңнан астам азаматқа көмек алды», - деп хабарлаған Айбек Дәдебай Ақордада.

Сондай-ақ партия сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін және тапсырмалардың орындалуын қадағалауға арналған «Әділет.365» цифрлық жүйесін іске қосты. Кездесу соңында Құрылтайдың заң шығару қызметі мен партия жұмысының алдағы басымдықтары талқыланды.

Президент тапсырмаларын іске асыру, сайлауалды міндеттемелерді орындау және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдау мәселелеріне баса назар салынған.