$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 14:40
Саясат

Тоқаев Путинді КВИ-ге қарсы ресейлік вакцинаның алғаш болып тіркелуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ресей президентіне жеделхат жолдады

Тоқаев Путинді КВИ-ге қарсы ресейлік вакцинаның алғаш болып тіркелуімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.

«Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз», – деп жазды Қазақстан Президенті жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің аталған бағыттағы тиімді ықпалдастығы туралы да айтты.

«Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 11 тамызда РФ президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен жиында Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әлемде алғашқы болып тіркелгенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары