$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 12:18
Саясат

Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы праймериз мүмкіндіктерін талқылады

Жиынға салалық, аймақтық кәсіподақ төрағалары қатысты 

Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы праймериз мүмкіндіктерін талқылады

Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарының өкілдері «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденеймен Zoom-конференциясы арқылы алда өткізілетін праймериз мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Онлайн жиынға салалық, аймақтық деңгейде жұмыс атқарып жатқан кәсіподақ төрағалары қатысып, сайлаудың шарттары мен кезеңдері, сайлаушылармен кездесулер және дауыс беру тәртібі, сондай-ақ, дауыс беруді есептеу жүйесіне қатысты ой бөлісті.

«Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев өңірлердегі кандидаттармен жұмыс істеудің маңыздылығына мән берді. Оның айтуынша, электоралды базаға және белгілі бір аймақтың әлеуметтік-демографиялық картасына байланысты ұсыныс шарттары бар. Кәсіподақтардың сайлауға қатысуы туралы айта отырып ҚРКФ Төрағасының орынбасары мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуде кәсіподақ позицияларын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз әлеуметтік әріптестіктің кәсіподақтар үшін сөз жүзінде ғана емес, сонымен бірге іс жүзіндегі жүзеге асырылғанын қалаймыз. Сондықтан біз осы сайлау процестеріне қатысамыз», - деп атап өтті Нұрлан Өтешев.

Партия хатшысы Әлібек Әлденей праймериз жаңа тұлғалар мен олардың жаңа идеяларын іріктеп алуға мол мүмкіндік екенін атап өтті. 

«Праймеризді енгізу – бұл партияның қоғамның жаңа сұраныстарына жауап беруге тырысуы мен барлық өкілетті органдардағы жаңару әрекеті. Бұл бәсеке бізге ең білікті адамдарды таңдауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа идеялар, көзқарастар мен жобаларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Қазіргі сайлау пропорционалды жүйеде өтеді. Яғни, әр сайлау учаскелері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуы керек. Бұл өңірлердегі өзекті мәселелерді айқындап және оның шешу жолдарын көрсетіп береді. Екі миллион мүшесі бар Кәсіподақ аймақтық және территориялық мүшелері праймеризге қатысып, өз белсенділіктерін көрсете алады. Заңдық жағынан ешқандай шектеу жоқ», - деді «Nur Otan» партиясының хатшысы Ә. Әлденей.

Айта кететіні, праймериз төрт сатыдан тұрады. Праймеризге еліміздің кез келген белсенді азаматы қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары