Бүгін, 17:00
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
Сондай ақ Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
Сондай ақ Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды. Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды