Қазақстандықтар қарашаның соңынан бастап Жапонияға тікелей ұша алады

Алматы-Токио бағытында тікелей рейс ашылмақ

Қазақстандықтар қарашаның соңынан бастап Жапонияға тікелей ұша алады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев екі министр және бір ұлттық компанияның басшысын ертіп, үкіметте журналистерге арналған брифинг өткізіп жатыр. Қазақстанның инфрақұрылымы, жолы мен энергетика саласындағы проблемалар және оларды шешу жолдары туралы ауқымды баяндама жасаған Нәлібаев бірқатар тың жаңалықты жария етті. Соның бірі – халықаралық әуе рейстеріне қатысты, деп жазады Azattyq Rýhy 

Оның айтуынша, көптен бері талқыланып келе жатқан халықаралық рейстің бірі биыл, қарашаның соңында ұша бастайды.

«2026 жылдың 30 қарашасында Алматы-Токио бағытында бірінші әуе рейсі ұшады. Келесі жылы Вена, Нью-Йорк, Милан және басқа да жаңа әуе бағыттары ашылады», - деді Нәлібаев.

Жалпы, болашақта халықаралық рейстерді дамыту бағытында авиация хабы  орнап, бұл хабтарда арнайы экономикалық аймақтар режимі енеді.