Парламент Сенаты депутаттығына 46 үміткер тіркелді
Биыл жоғары палатаға 17 депутат сайланады
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 46 үміткер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жалпы аймақтардан 3-4 кандидат ұсынылған. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілді. Оның басым бөлігі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарынан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство басшысы облыстардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық талаптар қабылданғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 12 тамызда өтеді.
«Шығыс Қазақстан облысынан 4 кандидаттан, ал 10 өңірден Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 3 кандидат. Қалған өңірлерден 2 кандидаттан», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.